ФАӘББ КММ «Первомай орта мектебінде» мектепалды сауықтыру лагерінің бірінші ауысымның ашылуы 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларымен басталды.
Мектеп түлегі, жас маман Дюсембаева Қарлығаш Русланқызы өзінің тәжірибесінің аздығына қарамастан кәсіптікпен жоспарлап және күнделікті балалармен жұмысын ұйымдастыра білді. Оның бұл ісіне тәлімгер педагог Абилова Алтынай Туракановна көмек көрсетеді.
"НҰРЛЫ БОЛАШАҚ" республикалық акциясының ішінде Балаларды қорғау күніне арналған болатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, осы жоспар бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушылары мерекелік концертке белсенді қатысып, бірнеше өлең, тақпақтарды дайындап айтты. Оқушылар асфальтағы суреттер конкурсына қатысып, өздерінің сурет өнерін көрсетті. Конкурстың жеңімпаздары тәтті сыйлықтарға ие болды.
Бастауыш сынып мұғалімдері балалармен ұлттық және қозғалмалы ойындар өткізді. Содан кейін "Стартин" атты би марафоны өтті. Түстен кейін балаларға "Зверополис" мультфильм көрсетілді. Жекеменшік кәсіпкерлері: Асқаров А., Жижко О., Алипов В. демеушілік көмегін көрсетті.



