- Комментариев нет
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Федоров ауданының білім бөлімі» ММ «“Онлайн-бюджеттік мониторинг” модулін қолданудың тиімділігі» мәселесі бойынша өтетін кеңеске қатысуға шақырады.
Кеңес 2026 жылғы 3 қыркүйекте сағат 15:00-де Федоров ауданының білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында, акт залында өтеді.
Кеңеске төмендегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ;
Федоров ауданының прокуратурасы;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ;
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ;
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі

Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость