- Комментариев нет
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауданының білім бөлімі" ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылы 9 желтоқсанда музыка және көркем еңбек мұғалімдеріне арналған "Музыка, Көркем еңбек сабақтарында және сабақтан тыс уақытта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" тақырыбы бойынша онлайн-семинар өткізілді. Бұл семинардың мақсаты оқушылардың ойлау тәсілдерін дамытуға көмектесетін жаңа педагогикалық технологияларды іздеу болды: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, жіктеу, қорытындылау, жүйелеу, теріске шығару, шектеу , бұл функционалдық сауаттылық негіздерін дамытудың бастамасы болып табылады.Семинарға келесі педагогтар қатысты: Губская Э.В. - Воронеж ЖББМ, Марат С. - Ы.Алтынсарин ат ЖББМ, Огеенко Д. О.-Пешков ЖББМ, Кожикова А. Д. - М. Мәметова ат ЖББМ, Катешева А.Г.-Ы.Алтынсарин ат ЖББМ, Каленова А.Т.-Абай ат ЖББМ эстетикалық бағыттағы пәндерді оқыту тәжірибесімен және әдістемесімен бөлісті. Қорытындысы бойынша әдістемелік материалдарды сараптау және оң педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша ұсынымдар, талқылау берілді.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость