⚠️ 2025 жылғы 15 шілдеден бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған балабақшалардағы жеңілдетілген тамақтандыру ережелері өзгерді. 100% тегін тамақтандыру барлық көпбалалы отбасыларға емес, тек атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын немесе табысы күнкөріс деңгейінен (50 851 теңге) төмен отбасыларға ғана беріледі. Айта кету керек, 2025 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енген өзгерістер Қостанай облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Федоров ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылуда.
📜 Негізгі өзгерістер мен шарттар:
Кімдерге беріледі: Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына.
📌 Шарттары: Растайтын құжаттарды мектепке дейінгі ұйымдарға ұсыну қажет.
Рәсімдеу үшін өтінішпен және көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын және басқа да құжаттармен балабақша басшылығына жүгіну керек:
🔶 1) туу туралы куәліктің көшірмелері – көпбалалы отбасылардың балалары үшін;
🔶 2) қорғаншылық (қамқоршылық) бекітілгені туралы анықтаманың көшірмесі – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар үшін;
🔶 3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе қабылдаушы отбасына беру туралы шарттың көшірмесі – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар үшін;
🔶 4) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама – атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін;
🔶 5) алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға арналған алимент түріндегі табыстар) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары үшін.
☎️ Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы, Федоров ауылы — 8 (71442) 23276
«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы, Федоров ауылы — 8 (71442) 21493
«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы, Федоров ауылы — 8 (71442) 21379
«Айналайын» бөбекжай-балабақшасы, Пешковка ауылы — 8 (71442) 93957
«Аленушка» бөбекжай-балабақшасы, Пешковка ауылы — 8 (71442) 93919