header-kz
18Июнь

18

Бүгін аудандық «Жастар» мәдениет үйінде 2026 жылғы түлектерге жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын және үздік аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

 

Мерекелік шараға аудан әкімі Т.Қ. Исабаев қатысып, түлектерді мектепті табысты аяқтауларымен құттықтап, оларға өз күштеріне сенімді болуды, шешім қабылдауда батылдық танытуды, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетуді тіледі.

 

Салтанатты рәсім барысында үздік түлектерге «Алтын белгі» төсбелгілері мен аттестаттары, сондай-ақ үздік аттестаттар табысталды. Биыл аудан мектептерін 104 түлек аяқтады. Оның ішінде 7 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болса, 14 түлек үздік аттестат алды. Бұл жоғары марапаттар олардың көп жылғы еңбегінің, мақсаткерлігінің және білімге деген ұмтылысының лайықты бағасы болды.

UCmd7emKGRyfJPnGmm ZZhKp3F2V9HNrovYZXeeZu6ANseNxCKeraEXbJfpqinzrVYA1NuIZvFz837PkrPtB88 D

 

Салтанатты атмосфера, жүрекжарды құттықтаулар, түлектердің, ата-аналар мен педагогтердің шынайы эмоциялары бұл күнді ерекше есте қаларлық әрі маңызды етті.

 

Барлық түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтаймыз және алдағы уақытта зор табыстар тілейміз!

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет

Соңғы іс-шаралар

Опрос

Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Да, это дисциплинирует учащихся, прививает навыки этикета - 42.9%
Да, это не подчёркивает социальную принадлежность ученика - 14.3%
Нет, форма лишает ученика индивидуальности - 42.9%
Нет, это невыгодно для семейного бюджета - 0%
Затрудняюсь ответить - 0%

Всего голосов: 7
The voting for this poll has ended on: 31.12.2014


 Screenshot2022-09-01

 

 

 

bilimland logotip

gos zakup rus

nobd