header-kz
23Июнь

2

WhatsApp Image 2026-06-02 at 15.56.13

1 маусымнан бастап ауданның білім беру ұйымдарында жазғы мектеп жанындағы демалыс алаңдарының жұмысы басталды. Алаңдардың қызметі үш маусым бойынша ұйымдастырылған: бірінші маусым – 1-19 маусым аралығы, екінші маусым – 22 маусымнан 10 шілдеге дейін, үшінші маусым – 13-31 шілде аралығы.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қызықты, белсенді әрі қауіпсіз уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Демалыс алаңдарының бағдарламасына спорттық жарыстар мен қимылды ойындар, шығармашылық сабақтар, танымдық іс-шаралар, байқаулар, экскурсиялар, зияткерлік викториналар және тақырыптық кездесулер енгізілген.

Балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге, сондай-ақ қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық және командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп жанындағы демалыс алаңдары балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне, жаңа білім алып, жарқын әсерлер мен жағымды эмоцияларға бөленуіне мүмкіндік береді.

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет

Соңғы іс-шаралар

Опрос

Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Да, это дисциплинирует учащихся, прививает навыки этикета - 42.9%
Да, это не подчёркивает социальную принадлежность ученика - 14.3%
Нет, форма лишает ученика индивидуальности - 42.9%
Нет, это невыгодно для семейного бюджета - 0%
Затрудняюсь ответить - 0%

Всего голосов: 7
The voting for this poll has ended on: 31.12.2014


 Screenshot2022-09-01

 

 

 

bilimland logotip

gos zakup rus

nobd