
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының хатына сәйкес «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 17–18 қыркүйек күндері облыстың білім беру ұйымдарында 2026 жылға арналған білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес кезекті «Адалдық сағаты» акциясын өткізудің қажеттілігін хабарлайды.
Акцияның мәні – мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты практикалық тұрғыда іске асыру мәселелерін талқылау және өскелең ұрпақтың бойында адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі білім беру және мотивациялық іс-шаралар өткізу.
Акция аясында оның өткізілуі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде бейнероликке сілтеме жасай отырып орналастыру, сондай-ақ акцияның өткізілуі туралы ақпаратты бейнероликке сілтемесімен бірге білім алушылар мен педагогтер ұжымдары арасында WhatsApp мессенджері арқылы тарату, білім алушылардың бейнероликті сынып сағаттарында көріп, оны талқылауын ұйымдастыру қажет (бейнероликке сілтеме: https://disk.yandex.com/i/8kft4JRC3O7xxA).