header-kz
03Июнь

3

3 маусым күні білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізіліп, онда жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім алушылардың әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

 

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу, балалардың дарындылығын дамыту, «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру және психологиялық қызметтердің жұмысы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына алдағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

02Июнь

???????? Федоров ауданының мақтанышы! ????

🎉🏆 Федоров ауданының мақтанышы! 🏆🎉
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс орталығында халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Қостанай облысының зияткерлік сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болған 80 үздік оқушысының қатарында ауданымыздың оқушылары – Тұрғымбаев Мирон мен Мауль Артём да марапатталды.
Бұл жетістік – олардың табанды еңбегінің, білімге деген құштарлығы мен мақсаткерлігінің нәтижесі. Оқушыларды жоғары жетістіктерге дайындауға зор үлес қосқан педагогтерге ерекше алғысымызды білдіреміз:
👏 Киреева Любовь Ивановнаға – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
👏 Кащеев Евгений Владимировичке – математика және информатика пәндерінің мұғалімі.
Оқушыларымыз бен олардың ұстаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, шабыт, өз күштеріне сенім және биік белестерді бағындыру жолында толағай табыстар тілейміз! 🌟🎓🏅
#ФедоровАуданы #АуданМақтанышы #Білім #Олимпиада #ҒылымиЖобалар #ҚостанайОблысы #Жетістік #ҮздікОқушылар #БалалардыҚорғауКүні

 Jm7cu78EChH5NZXM7-KEy6zjq7kDPC2-DkE1LVaBYhIPxv5w9xyQ2vdtLTY3BcAZjk3JO7sQQ-aBr6CUzSuo7sNW

<<  1 2 [34 5 6 7  >>