header-kz
09Май

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, педагогтер, білім алушылар және аудан тұрғындары!

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, педагогтер, білім алушылар және аудан тұрғындары!
Сіздерді ұлы мереке — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр — бейбітшілік пен еркіндікті жанқиярлық ерлікпен, өлшеусіз күш-жігермен қорғап қалған жеңімпаз ұрпаққа деген тағзым, құрмет және шексіз алғыс күні. Біз ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, майданда да, тылда да Жеңісті жақындатқан барша жандардың ерлігіне терең құрметпен бас иеміз.
Бүгінде тарихи жадымызды сақтау, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді, өз елінің тарихына, халықтың ерлігіне және бейбіт өмірдің қадір-қасиетіне деген құрметті сіңіру — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт, бейбіт өмір және мол игілік тілеймін!Құрметпен,
Білім бөлімінің басшысы Д. Бектыбаева

<<  1 2 3 [45 6 7 8  >>